Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Атырауда алып бала дүниеге келді

Атырауда салмағы 5,7 келі болатын алып бала дүниеге келді. Бойы – 64 см, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Атырауда алып бала дүниеге келді
Фото: ашық дереккөз

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, алып нәресте облыстық перинаталдық орталығында өмірге келген.

«Қазір алып баланың да, оны өмірге әкелген анасының да жағдайы жақсы. Алып нәресте – отбасындағы төртінші бала. Сәбидің салмағы ірі болған соң, дәрігерлер анасына кесарь тілігі арқылы ота жасады. Ол – биыл өңірде дүние есігін ашқан алғашқы алып бала. Оның салмағы – 5700 грамм, ал, бойы – 64 см», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, медицинада нәрестенің салмағы 4 келіден асса, ірі, ал, 5 келіден жоғары болса, алып саналады.

Баспасөз қызметінің дерегіне қарағанда, кеше, 20 қарашада 34 сәби дүние есігін ашқан. Оның ішінде бір егіз бар.

«Сайлау күні өмірге келген нәрестелердің 19-ы ұл, 15-і қыз. Аналар мен сәбилердің денсаулығы қалыпты, бәрі де дәрігерлердің жіті бақылауында алынды» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.