Ринат Зайытов президент сайлауы туралы айтты

Алматыда қоғам қайраткері, ақын Ринат Зайытов кезектен тыс президент сайлауында өз таңдауын жасады, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Ринат Зайытов президент сайлауы туралы айтты
Фото: stan.kz

Халық қалаулыларының бірі, ақын Ринат Зайытов "Алатау" дәстүрлі өнер театрында орналасқан № 545 сайлау учаскесіне дауыс берді.

"Азаматтарымыз бұл күннің маңызын түсінеді. Ел болашағына әр адамның даусы әсер ететіні сөзсіз. Бұл өте маңызды шара", - деді ол.

Ринат Зайытов, сондай-ақ сайлау учаскесіне келген адамдардың көңіл-күйі көтеріңкі екенін айтты.