Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Шымкентте туған күннен қайтқан ерлі-зайыптының жанжалы қайғылы аяқталды

Шымкентте достарының туған күніне барған ерлі-зайыпты жұп арасында жанжал шыққан. Дәмханадан қайтқан соң ер адам Бейтаныс адамдармен билегенқызғаныштан әйеліне пышақ жарақатын салған. Әйел ауруханада көз жұмды. Бұл туралы paryz.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы Абай аудандық сотына сілтеме жасап хабарлайды. 

Шымкентте туған күннен қайтқан ерлі-зайыптының жанжалы қайғылы аяқталды
tol.arriva.ru

Іс материалдарына сәйкес, биыл 17 маусымда 48 жастағы ер адам сыныптасының туған күніне дәмханаға барған. Бірінші әйелімен ажырасып, екінші рет некелескен ер адам жаңа әйелін өзімен бірге алып барған. Ол әйелін достарымен таныстыруды көздеген. Алайда жұбайлар арасында дәмханада қызғаныштан жанжал туған. Ерлі-зайыпты жұп бейтаныс адамдармен билеген.

Әйелімен сөзге келіп қалған ер адам мекемеден жаяу шығып кеткен. Ал әйелді үйіне ағасы жеткізіп салған. Ерлі-зайыпты жұп үйде кездескен кезде күйеуі оған пышақ ала жүгіріп, арқасынан терең жарақат салған. Әйел дауыс шығарып, айғайлап үлгерген. Сол сәтте аулада көлікте отырған әйелдің ағасы оған көмекке келген. Ол күйеу баласын пәтерден жүгіріп шыққан кезде көрген. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимай көз жұмған.

Күдікті қамауға алынды. Оған абайсызда жәбірленушінің денсаулыққа ауыр зиян келтіріп, өлтірді деген айып тағылды. Абай аудандық соты ер адамды кінәлі деп тауып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Әйелдің артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.