Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қара жамылғандардан құтылмасақ, Стамбұлдағы жарылыс бізге де келеді - Айгүл Орынбек

Түркияның Стамбұл қаласында болған жарылысты хиджабтағы әйел адам ұйымдастырғаны белгілі болды. Осы оқиғаға қатысты Айгүл Орынбек өзінің фейсбуктағы парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Қара жамылғандардан құтылмасақ, Стамбұлдағы жарылыс бізге де келеді - Айгүл Орынбек
Фото: ашық дереккөз

Заңгер Айгүл Орынбектің айтуынша, Түркия еліндегі бұл жарылыс біздің елге де сабақ болуы керек.

«Стамбұлдағы жарылыс бұл біздің елге де сигнал! Стамбұлдағы жарылысты әйел адам жасаған деп отыр!

Соңғы уақытта біздің елде  тик-ток әлеуметтік желісінде қара жамылған қарғалар көбейіп кетті деп дабыл қағып келемін. Дабыл қағуым бекер емес!

Отырып алып уағыз айтуларынан бөлек құдды өз уақыттарын күтіп, бір нәрсеге дайындалып жүргендей көремін .
Қолдарына қару алулары да бекер емес!

Парламент депутаттары шұғыл түрде Мемлекетіміздің қауіпсіздігі үшін қара  Ниқаб киюді, бет тұмшалауды заңмен шектеу керек! Құзырлы органдар жұмыс істеу үшін оларға заң керек!

Кеш болмай тұрып, тиісті  заң шығарып миы уланған зомбиларды елімізден тазартайық!», деп жазды заңгер.