Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматыда ломбард тонаған қарақшылар полицияға қарсылық көрсетті (ВИДЕО)

Олардың бірі – 2000 жылы туған, бұрын адам тонағаны үшін сотталған. Екіншісі – 2001 жылы туған, адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Алматыда ломбард тонаған қарақшылар полицияға қарсылық көрсетті (ВИДЕО)
Фото: дереккөз

Алматы қаласының полицейлері ломбардқа жасалған қарулы қарақшылық шабуылдың жолын кесті, деп хабарлады Polisia.kz.

"Қарақшылық шабуыл кешкі сағат бестер шамасында Алматының Наурызбай ауданында болған. Учаскелік полиция инспекторлары Қанат Парманов пен Ерлан Қосалиев өздерінің әкімшілік аймақтарын аралау кезінде Әшімов көшесінде орналасқан ломбардтың жанынан өтіп бара жатып, іштен шыққан әйелдің айғайын естіген. Сол кезде ломбардтың ішінен тапанша және пышақпен қаруланған екі адам жүгіріп шыққан, олар полиция қызметкерлерін көріп, қашып кетуге тырысқан, бірақ қашу нәтижесіз аяқталды. Қарсылығына қарамастан, күдіктілер ұсталды. Әрі қарай учаскелік инспекторлар қылмыс туралы кезекші бөлімге хабарлады", – деп мәлімдеді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

"Мен олардың шыққанын көрдім. Арттарынан ердім. Қарасам, екі полиция қызметкері олармен төбелесіп жатыр екен. Қарақшылар қатты қарсыласты. Дәл осы сәтте пайда болғандары үшін полиция қызметкерлеріне өте қатты ризамын", – деді ломбард қызметкері Эльмира Үсенбаева.

Бұл факт Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы ("Қарақшылық") бойынша тіркелді. Ұсталғандар қамауға алынды.

"Күдіктілердің екеуі де Жамбыл облысының тұрғындары. Олар Алматыға қылмыстық жолмен ақша табу мақсатында жақында келген. Олардың бірі – 2000 жылы туған, бұрын адам тонағаны үшін сотталған. Екіншісі – 2001 жылы туған, адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қылмыс орнында жедел-тергеу тобы "Байкал" тапаншасын, ас үй пышағын, қолғап, қара бетперде, 24 алтын бұйым салынған ыдыс және т.с.с. тәркіледі. Қылмыстық іс аясында тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер Уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Дидар Аханов.