Қостанай облысында жүкті әйел ауруханада көз жұмды

Қостанай облысындағы Жітіқарада жүкті әйел ауруханада көз жұмды. Марқұмның артында үш баласы қалды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысында жүкті әйел ауруханада көз жұмды
Фото: stan.kz

31 жастағы жүкті әйелдің өлімін Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері де растады. Қазір әйелдің өлімін түрлі ведомство қызметкерлері тексеріп жатыр. 

"Облыстық мамандарды жұмылдыру арқылы қызметтік тексеріс жүрді. Сонымен қатар сырты сараптамалар тағайындалды. Жітіқара ауруханасындағы әйелдің өлімімен Қостанай облысы бойынша медицина және фармацевтикалық бақылау комитеті департаметі шұғылданып жатыр", – делінген Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында. 

Tobolіnfo.kz ақпарат агенттігінің мәліметінше, сырқаттанып, қызуы көтерілген Роза Муслиманова ауруханаға бірнеше рет барған. Алайда дәрігерлер дәрі тағайындап, үйіне қайтарыпты. Алайда 31 жастағы әйел түнде ауруханада жан тапсырған.