Белгілі актер Алмат Сақатов «Қазақтарға жылқы етін жеуді доғару керек!» деген ресейлік блогеріне тиісті жауабын берді. Әзілкеш «Егер жылқы жемесек, сіздерді жейміз!» деді.
«Бізге келіп, тұрып жатқан ресейліктер, қалайсыздар? Бір жағынан сіздердің келгендеріңіз де дұрыс болды. Кейбір қазақтар ұйқысынан оянып жатыр. Тіпті, біреулер қазақ екенін есіне түсірді. Жалпы сіздер көңілді халықсыздар. Шын сөзім. Бірақ, сәл ақымақтау. Сондай бір ақымақтау блогерлеріңіз: «Қазақтарға жылқы жеуді доғару керек!» деп жазыпты. Үш мыңжылдан бері біз жылқы жеп келе жатырмыз. Бұл соғым деп аталады. Әрбір қазақ отбасы жылына 1 жылқы, 1 өгіз, 10 шақты қой жейді. Біз көшпенді халықпыз. Егер біз жылқы жемесек, сіздерді жейміз. Бұл сіздерге керек пе?» - дейді Алмат Сақатов.
Желідегілер актердің бұл сөзін құптап пікір қалдыруда. «Дұрыс айтасыз», «Иә, біз өзіміз білеміз не жесек те. Өз жерімізде жүрміз. Атам заманнан ет жейміз. Олар сияқты шошқа жеп жүрген жоқпыз», «Қатырып айттыңыз, Алеке», «Жылқыға боқ берсең жемейді. Шошқаға боқ берсең жейді. Сол үшін орыстар не жеп жүргендеріңді біліңдер!» деп жазып жатыр.