Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Ерлерді белсіздікке, әйелдерді бедеулікке душар етеді»: қоғам белсендісі жылқы етінен бас тартуға шақырды

Фейсбук әлеуметтік желісінде Серік Боқан есім-cойлы азаматтың жылқы етін жеуден қазақ халқын сақтандырған жазбасы тарады. Автор өз жазбасында жылқы етін жеудің асқан зиянын айтып,  тұтас ұлтқа қауіп-қатер төніп тұрғанын жеткізеді.

«Ерлерді белсіздікке, әйелдерді бедеулікке душар етеді»: қоғам белсендісі жылқы етінен бас тартуға шақырды
фото: әлеуметтік желіден

Автор өз жазбасында қазақ халқын жылқы етінен біржола жиренуге шақырады, деп жазады paryz.kz ақпарат  агенттігі "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап. 

Өз ойын Серік Боқан былай бастайды:

"Жылқы еті өмірге өте қауіпті! Шығыс медицинасы жылқы етінің түрлі бактерия, өте жаман ауырулар тудыратын азық екенін дәлелдеді. Ол жүрек, ми қан тамырларын жарып өмірге қауіп төндіреді".

Кейіннен жылқы етіне жаны қас автор қытайы медицинаға тоқталады. Жылқы етін тұтыну - бедеуліктің бастауы, ақырында тұтас ұлттың өз тамырына балта шабуы деген тоқтамға келеді.