Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Әбілязов 5 млрд долларынан айырылды

Бұл - қаржы компаниялары мен люкс қонақ үйлерінің үлесі...

Әбілязов 5 млрд долларынан айырылды
Фото: ашық дереккөз

Британ соты Әбілязовтың ісіне қатысты 5 млрд долларлық активтерді тоқтатты, деп хабарлады paryz.kz, nur.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл - қаржы компаниялары мен люкс қонақ үйлерінің үлесі. Әрі әлемнің бірқатар еліндегі бірнеше банктік шоттары да бар. The Wall Street Journal-ының жазуынша, Әбілязов активтерінің жалпы сомасы 5 млрд АҚШ долларына дейін (2,12 трлн теңге) жеткен. 

Шешім 2020 жылы 13 қарашада БТА банкі тарапынан қолдаухат негізінде қабылданды. Банк заңгерлері көп жылдар бойы Мұхтар Әбілязовке қатысты миллиардтаған сома ұрлығы туралы мәлімдеген. 

Биыл қазан айының соңында Әбілязовке шамамен 6 млрд АҚШ долларын (2,55 трлн теңге) жымқырғаны үшін айып тағылған болатын. Сонымен қатар, 25 қарашада экс-банкирдің серіктестерінің бірі Қазақстанға 6,3 млрд теңгені қайтарғаны белгілі болды.