Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Елімізде тракторларға арналған бөлшектер шығарылмақ

Келешекте пластикалық бөлшектердің жергілікті өндірісіне толықтай көшпек.

Елімізде тракторларға арналған бөлшектер шығарылмақ
фото: ашық дереккөз

Енді тракторларға арналған пластик бөлшектер Қостанайда шығарылады, деп хабарлады paryz.kz, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қостанайда трактор зауыты "Кировец" тракторларына арналған бөлшектер, газ шығаратын түтіктің қорғаныс қаптамасын, аккумулятор батареясының қақпағы және басқа да пластикалық бөлшектерді шығаратын болады. Бүкіл жұмысты іске асыру үшін зауыт мамандары Санкт-Петербург трактор зауытында оқып келді. Келешекте пластикалық бөлшектердің жергілікті өндірісіне толықтай көшпек. Соның негізінде ең күрделі болып есептелінетін капот өндіріледі.

Бірнеше күн бұрын Қостанай трактор зауытының техникасын жинау учаскесінің бастығы, алты темір ұстасы және шебер бригадир Санкт-Петербургтен оқудан келді.

Жоба инженері Дмитрий Гайдардың сөзінше, зауытта ПТЗ өкілдерімен бірге жасалған арнайы қалыптау матрицалары қолданылады. Олардың сапасы да, бөлшектері де Ресейде жасалатын саймандардан айырмашылығы жоқ. Енді сондай бөлшектер қажет болған жағдайда бір аптаның ішінде жасап шығуға болады.