Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Астананың айналасындағы жасыл белдеу тәжірибесі бүкіл өңірге енгізіледі

Қазақстанда алдағы бес жылдың ішінде орманды алқаптың көлемі ұлғайтылады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Телеграм-каналында жариялады.

Астананың айналасындағы жасыл белдеу тәжірибесі бүкіл өңірге енгізіледі
сурет интернеттен алынды

«2030 жылға қарай елдегі орманшылық үлесі қазіргі 4,7%-дан 5%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы Жолдауында атап өткендей, 5 жыл ішінде орман қорында 2,0 млрд және елді мекендерде 15 млн түп ағаш отырғызылады», - делінген хабарламада.

Бұған қоса, елорданың айналасындағы жасыл белдеудің тәжірибесін бүкіл өңірлерге енгізу көзделіп отыр. Ал Астана орманы 2023 жылға қарай бүгінгі 87,8 мың гектардан 100 гектарға жеткізіледі.