Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Қызылордада тәнін сататын еркектер көбейген

Елімізде әлеуметтік желілер арқылы тән саудасын ұсынатын ер азаматтар көбейген. Бүгінде жыныстық қатынас нарығы қыздармен қоса жігіттердің қызметімен толықты, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Opennews сайтына сілтеме жасап. 

Қызылордада тәнін сататын еркектер көбейген
Фото: ашық дереккөз

"Қызылордада ақшаға сатылатын еркектер туралы ақпараттық сайттар бар. Оған тіркелгендер қатары жетіп-артылады, бәсекелестік қызып тұр. Онда жүктелген суреттерде көбінің бет-жүзі емес, бұл мамандықтағы ең маңыздысы — дене, жыныс мүшелерінің бейнесі.

Сондықтан болар "жұмыс құралының" өлшемі, ұзындығы нақты көрсетілген. Мәселен, бір сайттың өзінде 500-ден аса еркек жезөкшелер интимді қызмет көрсетеді екен. Әсіресе, 20 мен 40 жас аралығындағы жеңіл жүрісті жігіттер. Интимдік қызметінің сағатын саудалайтын жігіттер сан түрлі қызмет түрін ұсынады", - деп жазды басылым.

Әлеуметтік желіде тәнін саудалайтындардың прайсы тайға таңба басқандай жазылып тұр. Мәселен, олар өз үйінде қабылдайтын болса 6-20 мың теңге аралығы, ал өзі баратын болса 25-30 мың теңге. Тіпті тегін қызмет көрсететіндері де кездеседі екен.

"Өз тәнін саудаға салатын жігіттердің көбісі бұл кәсіппен қосымша табысы ретінде айналысатын болса, негізгі жұмыс ретінде күнін көріп отырғандар да бар. Ең сорақысы хабарласқан қыз-келіншектер үшін жыныс мүшесінің көлемі маңызды екен. Көбіне 30 бен 50 жас аралығындағы әйелдер қызмет алатындығы белгілі болды", - деп хабарланған сайтта.