Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Талдықорғанда келушілердің бірі қонақүйде жұмыс істейтін әйелді зорлап кеткен

Жетісу облысының полицейлері Талдықорғандағы қонақүйлердің бірінде 53 жастағы жұмысшыны зорлады деген күдікпен іздеуде жүрген бұрын сотталған ер адамды ұстады. 

Талдықорғанда келушілердің бірі қонақүйде жұмыс істейтін әйелді зорлап кеткен
Фото: stan.kz

Күдікті Алматы қаласында ұсталып, қылмыс орнына жеткізілді. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қалалық полицияға жәбірленушіден арыз 28 қазанда келіп түскен. Белгілі болғандай, жергілікті қонақүйде жұмыс істейтін әйелді келушілердің бірі зорлап кеткен, –  деп хабарлады полиция.

Полицейлердің мәліметінше, күдікті бұған дейін де бірнеше рет ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын түзеу мекемелерінде өтеген.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 120-бабы «Зорлау» және 121-бабы «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысында ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілмек, – делінген хабарламада.