Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Елімізде интернет-алаяқтар желілердегі жеке деректерді ұрлап жатыр

Компьютерлерді ұқсас ресурстармен қосу, әдетте, қорғалмайды. Яғни сайтқа кіргендер қалдыратын ақпаратты үшінші тұлғалар ала алады.

Елімізде интернет-алаяқтар желілердегі жеке деректерді ұрлап жатыр
Фото: ptzgovorit.ru

Facebook әлеуметтік желісінде Дариға мен Әлия Назарбаевалардың жалған аккаунттары пайда болды, деп хабарлады paryz.kz, stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Бірдей веб-беттерде пайдаланушыларға керемет ақшалай ұтыстар ұсынылады. Шын мәнінде, бұл - тек жеке мәліметтер алудың тәсілі.

Өз атының бірінші әрпін латын қарпінде таңдағаны және фишингтік сайтқа көшкені үшін 200 мың теңгеден 800 миллионға дейінгі соманы ұтып алуды ұсынады.

Компьютерлерді ұқсас ресурстармен қосу, әдетте, қорғалмайды. Яғни сайтқа кіргендер қалдыратын ақпаратты үшінші тұлғалар ала алады.

Осылайша, зиянкестер төлқұжат деректері мен төлем карталарының деректерін, жеке аккануттардың, оның ішінде интернет-банкингтің құпиясөздерін біле алады. Осы және басқа ақпараттың көмегімен алаяқтар жәбірленушінің компьютерін немесе мобильді құрылғысын толық бақылауға ала алады.