85 жастағы зейнеткер Сәрсенғали Тұқсанов Орал қаласының маңында із-түзсіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі "Мgorod" басылымына сілтеме жасап.
Зейнеткердің немересі Сәнияның айтуынша, қария Орал қаласының іргесіндегі Асан ауылында тұрған. Ол 29 қазан, сенбі сағат 13.00-де серуендеуге шығып, оралмаған.
"Бәріміз алаңдап отырмыз. Бастысы, аман-есен табылсын. Аздап ұмытшақтық ауруы болатын. Үйден шыққанда үстінде көк күртешесі, басында қара қалпағы болған. Полицияға арыз жаздық", - дейді туысы.
Сәрсенғали Тұқсановтың қайда екені туралы мәлімет білетіндер болса +7 778 510 4220 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.