Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Банктік картаны қалай қорғау керек?

Көп ақша тұрған банктен телефон қосымшасын ашпаған жөн.

Банктік картаны қалай қорғау керек?
Фото: ашық дереккөз

"Роскачество" цифрлық сараптама орталығы жобасының жетекшісі Сергей Бодров картаны өзгелерден қалай қорғау керектігін айтып берді, деп хабарлады paryz.kz, "Праймға" сілтеме жасап.

Маманның сөзінше, әуелі картаның жарамдылық мерзімін, үш таңбалы CVV құпия санын және хабарлама кодтарын ешкімге айтпау керек. Ешбір төлемді, счет туралы ақпаратты айтпаған дұрыс. Тіпті банктің қауіпсіздік қызметіненмін деп қоңырау соқса, телефоныңызды дереу қоя салу қажет.

Екіншіден, қауіпсіздік үшін счеттағы ақшаны әр түрлі банктік карталарда сақтаған дұрыс, ал солардың ішіндегі ең көп ақша тұрған банктен телефон қосымшасын ашпаған жөн.

"SMS хабарламалары үшін ақша үнемдемей, керісінше, соның арқасында счеттық транзакциялар туралы ақпаратты дереу анықтауға болады", - дейді сарапшы.

Әрі банк картасының құпия сөздерін басқалар көріп қалатын жерге сақтауға, картаның өзін қараусыз қалдыруға болмайды.