Әлеуметтік желіде қазақ тілінде сөйлеген шетелдіктердің видеосы тарап кетті. Олар өзін "найман" руынанбыз деп таныстырып, әзілдеген, деп жазады paryz.kz ақпарат агенттігі nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Видеодағы мәліметке сүйенсек, шетел азаматтары Қазақстанға құда болып келген. Видео Kyn.kz Instagram парақшасында жарияланды.
"Қазақ тілін үйреніп жатырмын. Біз қазақпыз, найманбыз", - деп күлді америкалықтар видеода. Ал желі қолданушылары қазақ тілін үйренген шетелдіктерге өз ризашылығын білдірген.
"Қош келдіңіздер, найман құдалар", "Біздің қазақтың тілін әлем мойындап отыр" деп жазды желідегідер.