Алматыда жоғалып кеткен бір үйдің 3 баласы табылды

Алматыда жоғалып кеткен бір үйдің 3 баласы табылды. Бұл туралы блогер Дәулет Мұқаев instagram желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлады paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыда жоғалып кеткен бір үйдің 3 баласы табылды
фото: әлеуметтік желіден

 

«Сүйінші! Балалар тау арасынан табылды. Үшеуі де аман-есен. Аллаға мың да бір шүкір», – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін 3 баланың із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.