Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Атырауда атыс болып, бір адам қаза тапты

Атырауда 21 қазан күні таңертең жас жігіттер арасында атыс болып, қақтығыс барысында 21 жастағы жергілікті тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі.

Атырауда атыс болып, бір адам қаза тапты
Фото: stan.kz

Қақтығыстың 17 және 18 жастағы тағы екі қатысушысы оқтан жарақат алып, Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген.

"102 пультіне қоңырау 04:14-те түсті. Жәбірленуші қазір облыстық ауруханада жатыр. Қақтығысқа қатысы бар барлық адамдар анықталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99 (Кісі өлтіру) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп мәлімдеді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.