Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Астанада жұмыс орнында әйелді пышақтап кетті

Астанада аяқ киімі дүкендерінің бірінде ер адам әйелді пышақтап өлтірді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Астанада жұмыс орнында әйелді пышақтап кетті
Фото: ашық дереккөз

20 қазан 18.30-да 102 арнасына ер адамның әйелді пышақпен өлтіргені туралы қоңырау түскен. Ер адам аяқ киім дүкеніне кіріп, кассаға жақындап, әйелдің әріптесін итеріп жіберіп, ал өзіне пышақпен шабуыл жасаған.
Салдарынан 32 жастағы әйел жедел жәрдем қызметі келгенше қайтыс болды.

Елордалық полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды ұстады. Заттай дәлел тәркіленген. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторы.