Монша 12 млн, сағат 24 млн: Блогер Жанәбілов Астанадағы зәулім үйін көрсетті

Блогер Ерболат Жанәбілов Астанада жақында ғана біткен зәулім үйін көрсетті.

Монша 12 млн, сағат 24 млн: Блогер Жанәбілов Астанадағы зәулім үйін көрсетті
фото: әлеуметтік желіден

Монша 12 млн, сағат 24 млн: Блогер Жанәбілов Астанадағы зәулім үйін көрсетті

Бұл туралы paryz.kz ақпарат агенттігі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Жанәбілов оқырмандарының үйді инстаграм желісінен көргенін, алайда үйді толықтай көрсетуге шешім қабылдағанын айтты.

«Біз дайын газон сатып алдық. Үй шамамен 370-380 кв метр. Негізінен бұл дайын үй, мұнда бұрын адамдар тұрған», - деді Ерболат Жанәбілов.

Сондай-ақ блогер монша туралы айтты.

«Моншаны 12 млн теңгеге алдық. Оны бізге басқа қаладан әкеліп берді», - деді блогер

Сонымен қатар, блогер әйелі екеуінің қымбат заттарын да көрсетті.

«Жақында ғана Rolex сағаттарын сатып алған болатынбыз. Менің сағатым 12 млн теңге тұрса, ал әйелімнің сағатын 24 млн теңгеге сатып алдық», - деді.

Блогер Ерболат Жанәбілов сонымен қатар барлық едендердің жылы еден екендерін, барлығын қымбатқа алғандарын айтты.