Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Кілемге орап тастаған». Павлодар облысында ер адам әйелін жауыздықпен өлтірген

Павлодар облысында әйелін жауыздықпен өлтірген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Кілемге орап тастаған». Павлодар облысында ер адам әйелін жауыздықпен өлтірген
фото: Massaget

Полиция мәліметінше, 17 қазанда сағат 16.44-те Екібастұз қаласының полициясына "М.Жүсіп көшесі, 68 үйдің жанында кілемнен адамның аяғы көрінеді" деп хабарлама келіп түсті.

Жедел-тергеу тобы үйдің кіреберісінде кілемге орап тастаған әйелдің мәйітін тапты. Кілемнің жоғары және төменгі жақтарын сыммен байлап тастаған. Әйелдің жансыз денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар екені анықталды.

Полиция әйелдің жеке басын анықтады, ол Екібастұз қаласының 38 жастағы тұрғыны болып шықты. Кісі өлтірді деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Екібастұз қаласының тұрғыны, 1986 жылы туған ер адам ұсталды. Ол кінәсін мойындады.

Қажет сараптамалар тағайындалды. Кісі өлтіру дерегі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.