Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ағзаны қант диабетінен қорғау үшін күніне қанша кесе шай ішу керек

Шай – көпшілік жақсы көретін дәмді сусын ғана емес, күніне белгілі бір шыныаяқ шай қант диабетінің даму қаупін азайтады екен.

Ағзаны қант диабетінен қорғау үшін күніне қанша кесе шай ішу керек
Фото: tengrinews.kz

Шәйі жоқ үйді табу қиын шығар - бұл өнім бұрыннан ересектердің де, балалардың да сүйікті сусыны. Кейбіреулер таңғы асқа бір кесе шай ішеді, кейбіреулер достарымен немесе отбасымен кездесуді бір шыны хош иісті сусынсыз елестете алмайды.

Шай пайдалы. Мұндай қорытындыға швед ғалымдары келді. Зерттеушілер 2 типті қант диабетімен ауыратын адамдардың диетасына арналған әріптестерінің 19 ғылыми жұмысын егжей-тегжейлі зерттеді. Қатысушылардың барлығын қорытындылай келе, солар 1 076 311 адамның дерегін талдаған екен.

Зерттеушілер күніне 1-3 кесе шай ішкен адамдар 2 типті қант диабетінің даму қаупін 4 пайызға төмендетеді деген қорытындыға келді.

Ал, күніне 4 немесе одан да көп кесе шай ішкен адамдар бұл патологияның даму қаупін 17 пайызға төмендеткен.

«Нәтижелер шын мәнінде шай ішетіндердің 2 типті қант диабетінен жақсы қорғалғанын дәлелдейді. Неліктен бұлай болпды? Ғалымдар бұл сұраққа әлі жауап берген жоқ, дейді диетолог Шерил Муссатто.

Сірә, шай өзінің құрамына байланысты денені қант диабетінен қорғай алады: сусынның құрамында күшті антиоксиданттарға бай табиғи қосылыстар –полифенолдар бар. Олар жасушаларды зақымданудан және денемізді қабынудан қорғауға көмектеседі.

Сонымен қатар, катехиндер – жасушалардың инсулинге сезімталдығын арттыратын және оған төзімділікті төмендететін антиоксиданттардың түрлері.

Сондықтан, егер сіз шайды ұнатсаңыз, денсаулығыңыз үшін ішіңіз (дәрігердің тыйымдары болмаса). Жоғары сапалы сорттарды таңдауға тырысыңыз және, әрине, сусынға қант қоспаңыз.