Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Дүнгендердің төрағасы Қордайдағы қақтығысқа тағы да қазақты айыптады

Оның сөзіне қарасақ, соңында таяқ жегендер "сүттен ақ, судан таза" екен де, ал ұрғандар "қандықол қарақшы" екен.

Дорогие друзья! А также уважаемые сельчане, пострадавшие в февральских событиях. 3 декабря состоится предварительное...

Опубликовано Хусеем Дауровым Пятница, 27 ноября 2020 г.
Дүнгендердің төрағасы Қордайдағы қақтығысқа тағы да қазақты айыптады
Фото: inform.kz

Осы жылдың шулы оқиғасының бірі болған Қордайдағы қақтығысқа байланысты Қазақстандағы дүнген ассоциациясының төрағасы Хусей Дауров өзінің Facebook-тегі парақшасында даулы пікір білдірді, деп хабарлады paryz.kz.

Ол жазбасында: "Алда болатын сотта бізге шабуыл жасаған қарақшылар мен қылмыскерлер жазасыз қалмай, өздерінің келтірген шығындарын өтеп, лайықты жазасын алу керек", - деген. Оның сөзіне қарасақ, соңында таяқ жегендер "сүттен ақ, судан таза" екен де, ал ұрғандар "қандықол қарақшы" екен. Сонда жолда ауырып бара жатқан ақсақалды балаларымен қоса ұрып, жанжалды тоқтатуға келген полиция қызметкерлеріне қол көтерген, оның үстіне қару қолданғандардың "кінәсіз" болғаны ма?

Аталған жазбаға пікір білдірген дүнген диаспорасының өкілдері жетерлік. Олар да төрағаларының сөзін одан әрі жандандырып, жәбірлерген "бейшаралардың" рөліне еніп, биліктен көмек сұрап әлек.

Сондай-ақ, жазбада тұтас бір ұлтты "басбұзар", "қарақшы" етіп сипаттау бар. Онымен қоймай, дүнген диаспорасы көп шоғырланған Қырғыз, Ресей елдеріндегі блогерлер мен қоғамдық ұйымдарға шағымданып отыр. Біріншіден, бұл - сот үкімі шықпай тұрып негізсіз айыптау, екіншіден, Қазақстандағы мемлекет құраушы қазақ ұлтына құрметсіздік таныту.