Қайрат Нұртастың әйелі "Әлем ханымы – 2020" байқауына қатыспақ

"Мен Қазақстанның ғана емес, Орта Азияның намысын қорғаймын", - дейді ол.

Қайрат Нұртастың әйелі "Әлем ханымы – 2020" байқауына қатыспақ
Фото: ашық дереккөз

Биыл "Әлем ханымы - 2020" сынына Қазақстанның атынан әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова қатыспақ. Аталған жаңалықты Әбдікәрімова өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады, деп хабарлады рaryz.kz.

"Құпияны ашатын уақыт келді. Биыл "Әлем ханымы-2020" - "Миссис Вселенная" байқауында Қазақстанды таныстырамын. Бұл - сыртқы сұлулықтың ғана емес, ішкі құндылық пен ақылдың әдемі үйлесім тауып, нәзік әлемді айшықтай түсетін байқау. Басты мақсаты - әлемнің әр түкпіріндегі әйелді қолдау. Пандемия салдарынан биыл байқау онлайн өтеді.

Сондықтан 1-24 желтоқсан аралығында сайтта дауыс беру жүреді. Ел абыройы үшін бәріміз бірігіп жеңіске қадам жасайық. Қазақ қыздары мен әйелдерінің табиғи сұлулығын әлемге мойындатайық. Сондай-ақ, мен Қазақстанның ғана емес, Орта Азияның намысын қорғаймын. Құрметті менің Қырғызстандағы, Өзбекстандағы, жалпы Орта Азиядағы оқырмандарым, маған сіздердің де қолдауларыңыз ауадай қажет. Шынайы пейілдеріңізді осы посттың астына "Қолдаймын" деп жазу арқылы көрсете аласыздар. Қанша екенімізді көрейік" деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Актрисаның жанкүйерлері өз қуаныштарын білдіріп, ақ тілектерін жаудырып жатыр.