Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Шымкентте мұғалімдерге күнкөрсетпеген мектеп басшылығы жауапқа тартылды

Мектеп басшылығы мұғалімдерді күштеп газет-журналдарға жаздырып, мектептің жөндеу жұмыстарын істеткен.

Шымкентте мұғалімдерге күнкөрсетпеген мектеп басшылығы жауапқа тартылды
Фото: ашық дереккөз

Шымкенттегі №125 жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімдері басшылық жұмысына шағымданғаннан кейін тергеу жұмыстары басталған. Нәтижесінде шағымның кейбір тұстары расталған, деп хабарлады paryz.kz.

Мұғалімдердің шағымына орай, тексеріс кезінде мектеп әкімшілігінің "Педагог мәртебесі туралы" Заң талаптарын бұзғаны белгілі болды. Сонымен қатар ұстаздар өз міндеттемелеріне кірмейтін жұмыстарды да істеген. Мәселен, мектеп басшылығы мұғалімдерді күштеп газет-журналдарға жаздырып, мектептің жөндеу жұмыстарын істеткен.

Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің өңірлік департаменті Шымкент қаласында жүргізген жоспардан тыс тексеру кезінде аталған заң бұзушылықтарды анықтап, мектеп басшылығын әкімшілік жауапқа тартты.