Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдиновқа байланысты жазба қалдырды.
«Отанға опасыздық жасаған сатқынға 7 жыл аз!
Мемлекеттік құпияны ашып, тыңшылық жасаған экс-шенеунікке жеті жыл ғана берген!
Отаныңды миллиардтаған қаржыға сатта, жеті жыл қамалып шығып қыдыра бер ме сонда?!
Бұл жеңіл жаза бұндай опасыз сатқындарға!
Неге осындай шенеуніктерге келгенде гуманды болып, жүректерің елжірей қалады?!
Отанын сатқандарға өмір бақи бас бостандықтарынан айыру керек! Мен бұл жазамен келіспеймін. Өмірбақи қамауда отырсын!
Бұдан алдын Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов мемлекеттік құпияларды жария ету, опасыздық және тыңшылық жасау фактілері бойынша айып тағылған! Бүгін міне жеті ақ жылға қамалған!» — деп жазды.