Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Шымкентте киім ұрлаған әйел 3 жылға сотталды

Шымкентте дүкеннен бірнеше рет киім ұрлаған әйелге қатысты сот үкімі шықты деп хабарлады Polisia.kz.

Шымкентте киім ұрлаған әйел 3 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөз

Әл-Фараби ауданының сотында ұрлықпен айналысқан 24 жастағы тұрғын 3 жылға сотталды. Әйел қаладағы ірі сауда үйінен бірнеше рет киім ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сотталушы сауда орнындағы киім сататын дүкендерді аралап жүріп, сату залынан 21 футболканы алып, магниттерін жұлып тастаған. Кейін киімдерді сөмкесіне салып, сауда орнынан алып шыққан. Шығын көлемі – 700 мың теңге, - деп жазылған хабарламада.

Тергеу барысында әйелдің ұрланған киімдерді базарға апарып, бейтаныс адамдарға сатқаны анықталды.

Ол түскен ақшаны баласының еміне жұмсаған. Күдікті сот отырысында өзіне тағылған айыпты толық мойындап, істеген әрекетіне өкінетінін айтты.

Сот әйелдің қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайды, жасаған қылмысының қоғамға қауіптілігі мен дәрежесін, жеке басының деректерін ескеріп, 3 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды», - деп жазылған хабарламада.