Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

"Командир екенімді білмедім...": қару-жарақ ұрлаған майор 10 жылға сотталды

Бұрынғы командир сот шешімімен келіспейтінін айтып, сотта шу шығарды.

"Командир екенімді білмедім...": қару-жарақ ұрлаған майор 10 жылға сотталды
Фото: дереккөз

Шымкентте қару ұрлығына қатысты сот процесіне нүкте қойылды. Бүгін нөмірі 10\216 әскери бөлім командирінің міндетін атқарушы, майор Ержан Даутовқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

5 бап бойынша айыпталған әскери қызметші 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұрынғы командир сот шешімімен келіспейтінін айтып, сотта шу шығарды. Сот процесінде кіші сержант Абылай Балғынбай бұл қылмысқа командирінің қорқытуымен барғанын айтқан еді. Ал бұрынғы басшы Ержан Даутов болса, сержанттың сөздерін теріске шығарды. Ол тіпті өзінің командир міндетін атқарғанын білмегенін айтып ақталды.