Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Айгүл Орынбек Бағдат Мусинге: “Орыстардың ИИН -нін түгендегенше, Қазақстанның интернетін дұрыстаңызшы”

Заңгер Айгүл Орынбек Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге интернетті дұрыстауды талап етті.

Айгүл Орынбек Бағдат Мусинге: “Орыстардың ИИН -нін түгендегенше, Қазақстанның интернетін дұрыстаңызшы”
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

"Орыстардың ИИН -нін түгендегенше, Қазақстанның интернетін дұрыстаңызшы Бағдат Мусин мырза!

Ең бірінші өз ұлтыңызға, өз еліңізге қызмет етіңіз!

Шымкент қаласының ортасында, әкімдіктің жанында тұрамын интернет байланысы өте нашар!
Қаланың шет жағына шықпай ақ, ортасына барсаң Е деген әріп ұстайды болды!
Өркениетті дамыған елдер 5G-ге өтіп жатыр. Біз әлі Е - ден шыға алмай жүрміз!
Мамин “Қазақстан 100% интернетпен қамтылды”,- деп Президент алдында есеп берген кезде, бас шұлғып министр болып сіз отырғансыз!
Қаланың шетіндегі жаңадан қосылған ауылдарға шықсам Е-әріпі түгілі , байланыс (связь) таппай қалам!
Отыз жыл бойы өтірік есеп бергендер кетті кететін жақтарына, Жаңа Қазақстанда интернетті зуылдатып қоюға не кедергі?
Әлде ескі Қазақстандағылар интернетті қалтасына салып алып бермей отыр ма?
Халықтың алдына шығып айтып- айтып тастаңдар, кімнің жағасына жармасу керек екенін біліп отырайық!
Төлеген ақшамызға интернеттің де сапасы сай болу керек", - деді Айгүл Орынбек.