Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ақтауда ер адам 8 жастағы қызды азғындамақ болған (ВИДЕО)

Ақтауда белгісіз ер адам 8 жасар қызды аңдып, азғындамақ болған. Анасының сөзінше, оқиға 28 қыркүйекте 17:30 шамасында орын алған. Алайда полицейлер күдіктіні ұстауға асықпаған, деп хабарлайды ZTB Qazaqstan Telegram каналы.

Ақтауда ер адам 8 жастағы қызды азғындамақ болған (ВИДЕО)
фото: әлеуметтік желіден

«Ол қыздың жанына келіп, әурет жерін ұстай бастаған. Балалар үйге аң-таң күйде келді. Бірнеше күн үйден шыға алған жоқ. Мектепке бармағандықтан, ер адамды ұстап, түрмеге қамады деп өтірік айтуға тура келді», – дейді қыздың анасы. 

Әйел сол күні-ақ полицияға арыз жазғанын айтады. Алайда полицейлер күдіктіні ұстауға асықпады, деп ашынады ол. 

«Міндетті түрде қайғылы оқиға болуы керек пе? Ол бұған дейін қанша қорғансыз балаға тиіскенін Құдай білсін. Жүрегім қанжылайды. Аудандық полиция бөліміне барып, қылмыстық іздестіру бөлімі басшысының орынбасарымен сөйлестім. Ұстаған күннің өзінде оған тек айыппұл салынады. Бұл дұрыс па? Мен бейнежазбаны өзім таптым. Бет-әлпеті көрініп тұр. Егер қаласа, бірінші күні-ақ табуға болатын еді», – деп жазды анасы. 

Оқиғаға қатысты пікір білдірген Ақтау қалалық полиция басқармасы күдіктінің анықталып, ұсталғанын мәлімдеді. 

«Бұл дерек Ақтау қаласы Полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігі «Жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау» бойынша тіркелген. Криминалдық полиция қызметкерлері күдікті адамды анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл іс бойынша толық және объективті тексеру жүргізіліп, содан кейін құқықтық бағалау беріледі. Қылмыстық іс тәжірибелі тергеушіге жүктелген», – делінген хабарламада.

Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.