Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Коронавируспен күресу үшін шет елден ақша алған жоқпыз" - вице-министр

Барлық қаражат мемлекеттің қорынан бөлінді.

"Коронавируспен күресу үшін шет елден ақша алған жоқпыз" - вице-министр
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан коронавируспен күресу үшін шетелден қаражат алған жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы айтты, деп хабарлады paryz.kz

Вице-министр шетелден қаржы алынбағанын мәлімдеді. Оның сөзіне сенсек, вируспен күресуге тек мемлекеттік қордан ғана ақша алынған.

"Шет елдерден коронавирустық инфекциямен күресуге қаражат алған жоқпыз. Барлық қаражат мемлекеттің қорынан бөлінді. Гуманитарлық көмектер болды. Қорғаныс құралдары және дәрі-дәрмек түрінде көмек көрсетілді", - дейді Ажар Ғиниятқызы. 

Сонымен қатар, ол қазіргі таңда ел аумағындағы коронавирустық жағдай туралы айтты. 

"27 қарашадағы жағдай бойынша республикамыз орташа қауіпті аймақта тұр. Қауіпті 5 өңірге қатаң шектеу шаралары енгізілген. Олар "қызыл аймақта" тұр: Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай, Ақмола облыстары. Өткен аптамен салыстырғанда, 3 өңір "сары аймақтан" "қызыл аймаққа" көшті. Олар - Павлодар, Қостанай, Ақмола облысы. Алматы қаласы "сары аймақта". Қалған өңірлер "жасыл аймақта", - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.