Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

ШҚО әкімдігі 3 млн теңгенің қаламымен не істегісі келді?..

Бір қызығы, 3 миллион теңгенің қаламына тапсырыс берген мемлекеттік мекемеге қатысты ақпарат жоқ.

ШҚО әкімдігі 3 млн теңгенің қаламымен не істегісі келді?..
Фото: ашық дереккөз

ШҚО әкімдігі 3 млн теңгеге қалам сатып алмақ болған, деп хабарлады paryz.kz.

Кеңсе тауары туралы ақпарат мемлекеттік сатып алу туралы лотта жарияланған. Абырой болғанда, іске Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент араласып, қаражатты бюджетке қайтарған. 

Бір қызығы, 3 миллион теңгенің қаламына тапсырыс берген мемлекеттік мекемеге қатысты ақпарат жоқ. Өңірде осындай қымбат баға бойынша жасалған өзге де келісімдер болған екен. Олар да тоқтатылған. Осылайша, бюджеттің 1 миллиард теңгесі үнемделді.

"Біздің облыста қалам сатып алуға 3 миллион теңгеге қаражат жоспарланғанын анықтадық. Біздің араласуымыздан соң бұл сатып алулар тоқтатылды", - деді облыстық Сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті бастығының бірінші орынбасары Жігер Байділдин.

Біз айтамыз: сонда дейміз-ау, халықтың ақшасын оңды-солды шашуды әдетке айналдырған атқамінерлер қаламды 3 млн теңгеге сатып алып, онымен не жазбаққа ұмтылды екен?..

Әлде қыруар қаражат жұмсалатын "құнды жобалар" құжатына "қымбат қаламмен" қол қойған жөн дей ме?..