Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Осы енді мақтанатын дүние ме?!»: Заңгер Аймағамбетовтың асханадағы суретін мақтап жатқан жұртты орнына қойды

Үкіметте отырғандардың бәрі ауылдың ортасына келіп, халықпен бірге қара қазаннан тамақ жеу керек!

«Осы енді мақтанатын дүние ме?!»: Заңгер Аймағамбетовтың асханадағы суретін мақтап жатқан жұртты орнына қойды
фото: әлеуметтік желіден

Министр өте қарапайым халықтың ортасында тамақтанып отыр молодец! Осы енді мақтанатын дүние ме?! 

Халықтың ортасында жүрмегенде қайда жүру керек сонда?

Өзімізге обал жоқ халықпыз ғой!
Біреу атқа қонып, таққа отырса ода айтып мақтап шыға келеміз!

Асты үстіне түсіп тақтан түскенше мақтаймыз келіп, мақтаймыз . Сөйтіп отырып “басшылар ештеңе істемейді”, деп үйдегі асханада отырып жамандап бұрқылдаймыз!
Әрине істемейді, егер істеу керек дүниені мақтаумен, жағымпаздықпен көрсетпей тастасаң!

Бай болыстардың заманы өтті.
Билікте отырған азаматтарға көпшік қойып, жағымпаздануды қою керек! Олардың осылай елдің ортасында жүргенін талап етуіміз керек!

Халықтың ортасында жүрген басшы ғана елінің мұң мұқтажын біліп жүреді. 
Дамыған елдердің министрлері халықтың ортасында велосипедпен жүреді. Оған ол елдің халқы таң қалмайды. 
Тіпті оларға министрлердің солай жүруі үйреншікті жағдай.

Ал бізде жәй байдың баласы асханада отырып тамақ жесе, соны әңгіме қыламыз!
Бізге «САНА ӨЗГЕРІСІ” керек!
Анау Үкіметте отырғандардың бәрі ауылдың ортасына келіп, халықпен бірге қара қазаннан тамақ жеу керек!

Қарапайым Халықтың жәй күн көріс күйін көргенде ғана, мына билік елдің жағдайын түсінеді!
“Әйтенов Астанаға поездбен барыпты”, “Ғабидулла велосипед мініпті”, “Байбек автобусқа мініп қаланы аралапты” деген пиар өтпейді енді…
Болатын елдің әңгімесін айтайық!

Заңгер Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан