Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Велоспортты дамытуға бөлінген 520 млн теңге ұрланды

Тағы бір айыпталушы халықаралық іздеуде, оған қатысты тергеу жалғасуда.

Велоспортты дамытуға бөлінген 520 млн теңге ұрланды

"Астана" кәсіби спорт клубы мен "Astana Pro Team" велокомандасының басшылары 520 миллион теңгені жымқырғаны үшін істі болды. Бұл туралы paryz.kz abai.kz-ке сілтеме жасап хабарлады. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана" кәсіби спорт клубы мен "Astana Pro Team" велокомандасының 3 басшысына қатысты велоспортты дамытуға бөлінген 520 миллион теңгені ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтап, сотқа жіберді", - делінген хабарламада.

Тағы бір айыпталушы халықаралық іздеуде, оған қатысты тергеу жалғасуда. Әр азамат кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешім сотпен айқындалатын болады.