Оралда полицейлер сырттағы бейнебақылау камераларын бақылап отырып, түнгі клуб маңында ер адамдар арасындағы төбелесті байқаған. Оқиға орнына жеткен полиция жасағы Ресей азаматтарын ұстады. Олар мас күйінде өз араларында төбелес шығарған.
"Тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің "Ұсақ бұзақылық", "Қоғамдық орындарға мас күйінде келу", "Тыныштықты бұзу" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жиналған материал Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралатын болады. Құқық бұзушылардың Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі болу мәселесі әкімшілік материалдар бойынша түпкілікті шешімдер қабылданғаннан кейін шешілетін болады", - деді полиция.