"Ауырған соң арнайы бардым...": Назарбаев туралы жаңа фильмнің тизері жарияланды

"Құдай мұндай ауруды ешкімнің басына салмасын. Бұл ауырсыну кетпейді де..." - дейді елбасы. 

"Ауырған соң арнайы бардым...": Назарбаев туралы жаңа фильмнің тизері жарияланды
фото: tengrinews.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Елбасының баспасөз хатшысы жаңа фильмнің тизерін жариялады.

"1 желтоқсанда сағат 21.40-та "Хабар" телеарнасының эфирінде журналист Айгүл Әділованың Елбасының баспасөз қызметі мен Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен жасалған "Портретке штрихтар" деректі фильмінің бірінші сериясының премьерасы өтеді", - деп жазды Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында.

"Құдай мұндай ауруды ешкімнің басына салмасын. Бұл ауырсыну кетпейді де. Ауырған соң мен онда арнайы бардым. Өмірімде бәрі басқаша болуы мүмкін еді", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының баспасөз қызметінің мәліметінше, "Портретке штрихтар" фильмі - Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті тұлғасының бұрын көрерменге белгісіз қырларын ашатын көпсериялы деректі фильм.