Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Ресей азаматы 14 жыл бойы Қазақстанда зейнетақыны заңсыз алып келген

Оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Ресей азаматы 14 жыл бойы Қазақстанда зейнетақыны заңсыз алып келген
Фото: ашық дереккөз

РФ азаматы 14 жыл бойы Қазақстан аумағында зейнетақы төлемдерін заңсыз алып отырған, деп хабарлады paryz.kz, Қаржы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі қозғап, тергеу жүргізген.

"Бұл азамат Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра, 2003 жылы РФ-на барып, сол мемлекеттің азаматтығын алды және екі мемлекет аумағында зейнетақы алып отырған. Бұл ретте ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталығына РФ азаматтығы бар екендігін әдейі жасырып, ҚР-да зейнетақы төлемдерін алуға құжаттар тапсырған. Осылайша, 2006 жылдан бастап 14 жыл бойы айыпталушы ҚР аумағында зейнетақы төлемдерін заңсыз алып отырған және мемлекетке 9,2 миллион теңгеден аса сомаға залал келтірген", - делінген комитеттің хабарламасында.

Батыс Қазақстан облыстық сотымен ол Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігі 1-тармағында қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылды, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.