Ағашты басқыш ретінде қолданып, өлшенетін өнімге артық салмақ қосып отырыпты.
Қостанай базарында тұтынушыларды алдап, таразыдан жеген саудагерлердің әрекеті әшкере болды, деп хабарлады paryz.kz.
Күзетшілердің бірі түн ортасында бірнеше өлшеу құралын ұялы телефонға түсіріп, бейнетаспаны WhatsApp мессенджері арқылы таратып жіберді. Онда таразылардың төменгі жағы қораптармен қапталғанын көруге болады.
Әккі саудагерлер қондырғылардың астынан жіп тартып, ағашқа байлаған. Сөйтіп, ағашты басқыш ретінде қолданып, өлшенетін өнімге артық салмақ қосып отырыпты.
Осы мәселе бойынша жергілікті билік қандай да түсініктеме беруден бас тартып отыр. Ал әлеуметтік желі қолданушылары "таразыдан жеген" саудагерлердің іс-әрекетін алаяқтыққа балап, жазасын беру керек деседі.