Желіде КамАЗ-ға ит байлап сүйрегендердің видеосы тарады

Желіде КамАЗ-ға итті байлап, сүйреп бара жатқандардың видеосы тарады, - деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Желіде КамАЗ-ға ит байлап сүйрегендердің видеосы тарады
Фото: видеодан скриншот

Видеодан көліктегілер жануарды әбден қинағанын байқауға болады. Тіпті жүре алмай қалған итті асфальт үстімен сүйреп жүргенін де көруге болады. Видео авторының сөзінше, бұл жағдай Алматы облысы, Талғар ауданындағы Еркін ауылында болған.

Полицейлер аталған құқық бұзушылық Талғар аудандық полиция бөлімінде тіркелгенін мәлімдеді.

"Құқықбұзушылық Талғар ауданы Полиция бөліміне тіркелді. Тексеру аталған бөлімшенің қызметкерлеріне тапсырылды. Құқық бұзушыны міндетті түрде анықтап, шара қолданамыз", - деді Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов.