"Менің бір досым бар еді. Сол ит көрмесінде алған итінің медалін кезекке тұрмау немесе қоғамдық көлікте тегін жүру үшін тағып алады"...
Қазір әлеуметтік желі қолданушылары Артур Платоновтың орден-медальдармен түскен суретін талқылауда, деп хабарлады paryz.kz.
Алдымен қоғам белсендісі Ермек Нарымбай: "Наградалары Халық қаһарманы, полковник Бауыржан Момышұлынікінен көп. Жауынгер Платонов Отан үшін қайда соғысқан?" деп жазды Facebook парақшасына.
Сол сәтте "Менің бір досым бар еді. Сол ит көрмесінде алған итінің медалін кезекке тұрмау немесе қоғамдық көлікте тегін жүру үшін тағып алады", "Іштей не сезінеді екен? Мүмкін бұнысына оның өзі де күлетін шығар?", "Сөзім жоқ, қандай қызметтер үшін алды екен?.."- деп шуласты өзге желі қолданушылар.