Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қарағанды әкімдігі карантин кезінде тендер ойнатқан

Алайда елдегі карантинге байланысты бірде-бір мейрам өткен жоқ.

Қарағанды әкімдігі карантин кезінде тендер ойнатқан
Фото: ашық дереккөз

Қарағанды қаласының әкімдігі пандемия өршіп тұрған кезде 193,5 миллион теңгеге тендер ойнатқан, деп хабарлады paryz.kz, ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

Тендер ойнатқан Қарағанды қаласы "Коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

"Конкурс сәуір айында жарияланды, өтінімдерді қабылдау 20 мамырға дейін созылды, ал қазірдің өзінде 25 маусымда, яғни коронавирус пандемиясы өршіп тұрған кезде, Қарағанды билігі Шымкент қаласында тіркелген "Шаңырак КұрылысКом" ЖШС-мен T193 520 760 жалпы сомасына келісім жасады, оның ішінде T122 371 571 төленген. 193,5 млн.теңге сомасы тікелей мемлекеттік сатып алу порталында көрсетілген, өзгертулер енгізілгеннен кейін түпкілікті болып табылады, алайда келісімшарттың өзінде басқаша сома көрсетілген – 216,743,251,2 теңге", – деп жазады дереккөз.

Мемлекет бюджетінен бөлінген қаражатқа Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні, Астана күні, Кеншілер күні, Конституция күні, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және басқа да іс-шаралар безендірілмек. Алайда елдегі карантинге байланысты бірде-бір мейрам өткен жоқ. Мәселен, Наурыз мейрамы, Жеңіс күнінде іс-шарлар өтпеді.