Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Жетісайлық тұрғынды "кілеміңді сатып аламын" деп "косякқа" кіргізіп кетті

Жәбірленуші сол сілтемеде көрсетілген кестеге сәйкес өзі туралы толық ақпаратты салған. Сол мезетте оның есепшотындағы 150 мың теңгеден астам қаражаты жоқ болған.

Жетісайлық тұрғынды "кілеміңді сатып аламын" деп "косякқа" кіргізіп кетті
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның ақшасын аудартып алған алаяқты анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.

Техника дамыған қазіргі таңда ғаламтор арқылы теріс пиғылмен алаяқтық жасаушылар қатары көбейді. Олар әлеуметтік желімен жұмыс істеуді жетік меңгерген. Өзгенің сеніміне кіріп, ақшаларын жымқыруда.

Осындай іспен айналысқан қызды Жетісай аудандық ПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының арқасында анықтады. Нақтырақ айтсақ, Жетісай аудандық ПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғанын жеткізеді. Оның айтуынша, белгісіз біреу ғаламтор арқылы 150 мың теңгеден астам ақшасын шешіп алған. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тіркелді.

Барлық қажетті шараларды іске асырып, нәтижесінде сол тәулікте күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол Ақтөбе қаласының тұрғыны, қыз болып шықты. Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленуші қыз әлеуметтік желідегі жарнама сайттарына өзінің "қолдан тоқылған кілемін" сатамын деп қойған. Содан оған ұялы телефон арқылы белгісіз әйел хабарласып, әбден сеніміне кіріп, 50 мың теңгеге сатып алатын болып келіскен.

Осылайша, алаяқ жетісайлық тұрғынды алдап, кілемнің ақшасын жарнама сайтына жібергенін айтып, мына сілтеме бойынша аласыз деп, арнайы алаяқтық жасау үшін жасалған сілтемені жіберген. Жәбірленуші сол сілтемеде көрсетілген кестеге сәйкес өзі туралы толық ақпаратты салған. Сол мезетте оның есепшотындағы 150 мың теңгеден астам қаражаты жоқ болған.

Бүгінде полицейлер күдіктіні Ақтөбе қаласынан жеткізіп, қылмыстық жауапкершілігін қарастыру бағытындағы жұмыстарды жүргізуде. Тұрғындар көбіне осылай ұялы телефон арқылы интернет-алаяқтарға алданып жатады. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері алаяқтардың айла-тәсілдеріне ермеңіздер, қырағылық танытыңыздар деп ескертеді.