Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Бітпейтін ақша жинау»: Айнұр Тұрсынбаева халықты алдады деп айыпталып жатыр

Ирина Раззақ есімді желі қолданушысы құзырлы органдарға Айнұр Тұрсынбаева мен Балқия Балтабайды қатаң тексеруді талап етіп, шағым түсірді, деп жазады paryz.kz ақпараттық агенттігі Elorda.Info сайтына сілтеме жасап. 

«Бітпейтін ақша жинау»: Айнұр Тұрсынбаева халықты алдады деп айыпталып жатыр
Фото: ашық дереккөзі

Қазіргі уақытта әлеуметтік желі жедел түрде дамып жатқан заманда, сәйкесінше желі арқылы өздерінің қызметін және өнімін ұсынатын бизнес түрлері, халыққа танымалдығын пайдаланып түрлі қайырымдылық қор ашатын медиа тұлғалар көбейіп кеткен. Әлеуметтік желінің жақсы немесе зиянды тұсы бар. Өздеріңіз білетіндей, кибер қылмыстардың белең алуы, интернетті пайдаланып алаяқтық жасайтын топтардың пайда болуы қоғамда наразылық тудырып отыр. Яғни, желі арқылы адамдарды алдап-арбау, әртүрлі тәсілдермен сенімге кіріп, оған қиянат жасау арқылы қаражат жымқыратындардың дер кезінде ұсталмауы, олармен күрестің әлсіздігі, халықтың құқықтық және қаржылық сауатсыздығын пайдалану арқылы теріс пиғылын жүзеге асыратындардың заң бойынша жазаланбауы, олардың өсуіне ықпал етіп жатыр, – деп жазды ол.

Раззақтың айтуынша, олар әлеуметтік желіде халықтан ақша жинап, түсініксіз қорлар ашқан. Енді қатаң тексеру керек. 

Әлеуметтік желідегі халықтан ақша жинап, түрлі түсініксіз қорлар ашып отырған белгілі айтыскер ақын, мотиватор, коуч (бұл қызметі диплом не сертификатпен расталған ба әлде жоқ па бізге белгісіз) Қазақстанның азаматы, Түркия Республикасы Ыстамбұл қаласының тұрғыны Айнұр Тұрсынбаеваның (инста парақшасы aidyn_nury) «Айдың нұры» қайырымдылық қорына, аталған қордың құрылтайшысы әрі төрайымы және ақпараттық қолдаушысы Айнұр Тұрсынбаеваға; Инстаграм желісінде өзін ислам шеңберіндегі психолог, коуч, ментор, бизнес тренер ретінде таныстыратын Алматы қаласының тұрғыны Балқия Балтабайдың жеке қорына қатаң тексерісті талап етеміз! – деп жазды ол.

Желі қолданушылары да авторды қолдай кеткен. 

«Ай сайын, апта сайын мешітке сбор жинап жатқан блогерлерді де қосу керек. Бітпейтін ақша жинау. Тексеріп жатқан адам жоқ. 99 мешіт емес, 99 мектеп соқсын», «Мектепті үкімет салсын дейді олар», «Қолдаймын! Әділеттілік орнасын!» – деп жазды олар.