Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша сот отырысы ертең өтетін болды

Ертең Астанада экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, 51 жастағы Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот процессі басталады деп хабарлады елорда сотының баспасөз қызметі.

Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша сот отырысы ертең өтетін болды
Фото: sputniknews.kz

Іс Байқоңыр ауданының №2 сотында қаралады. Сот отырысы 15.00-ге жоспарланған.

Қайрат Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің «Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру», «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу» баптары бойынша айып тағылып отыр.

Айта кетейік, осыған дейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісіне қатысты тергеу аяқталғаны хабарлаған еді. Тергеу барысында 240 млрд теңгеден асатын қаржы мемлекетке қайтарылған.

Сонымен қатар Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды да қамауға алынды. Ол Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бөлінген ақшаны ұрлады деп айыпталды.

Биыл шілдеде Гүлмира Сатыбалдыны күзетпен ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылған.