Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Жамбыл облысында 62 жастағы қойшы 15,5 келі марихуанамен ұсталды

Бұдан басқа Жамбыл облысында орналасқан 15 дәріхана, 18 дәрі қоймасы, 6 емдеу мекемесі, 3 өндірістік кәсіпорын тексерілген.

Жамбыл облысында 62 жастағы қойшы 15,5 келі марихуанамен ұсталды
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысында полицейлер 62 жастағы қойшыдан 15,5 келі марихуана тәркіледі, деп хабарлады paryz.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбылдық полицейлер "Допинг" іс-шарасы барысында есірткі қылмысының 30 дерегін анықтаған. 

"20 қарашада Ақыртөбе ауылының маңындағы жайылымда қой бағып жүрген Жамбыл облысының 62 жастағы тұрғыны ұсталды, одан 15 келі 500 грамм кептірілген марихуана табылып, тәркіленді. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті өз кінәсін мойындады және қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Бұдан басқа Жамбыл облысында орналасқан 15 дәріхана, 18 дәрі қоймасы, 6 емдеу мекемесі, 3 өндірістік кәсіпорын тексерілген.

Полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 2 келі гашиш, 22 келі марихуана, құрамында есірткі және психотроптық заттары бар 1 480 ампула тәркіледі.