Тасмағамбетов Исматулла Мақсұмға коттедж үйін берді – Бейбіт Сапаралы

Жазушы, дінтанушы, абайтанушы Бейбіт Сапаралы бұрынғы премьер-министр Иманғали Тасмағамбетов пен Исматулла Мақсұм арасын не байланыстыратыны жайлы сөз қозғады.

Тасмағамбетов Исматулла Мақсұмға коттедж үйін берді – Бейбіт Сапаралы
Фото: orda.kz

Бұл туралы жазушы «Уақыт көрстеді» бағдарламасыда айтты.

– Исматулла намаз оқымасаң болады. Зікір салсаң болады деген видеолары тарап кетті. Иманғали Тасмағамбетов қаланың әкімі болатын. Сөйтіп, Тасмағамбетовті тарта бастады. Ол Исматуллаға сеніп кетті. Оған коттедж үйін берді. Мә, ақша деп ақшасын берді. Бұлар Ғалым Боқаш бәрі бірге, – деді дінтанушы.

Еске салсақ, өздерін Яссауия сопылық бағытын ұстанушылар деп санайтын топтың бірнеше өкілі 2011 жылы ұсталып, сопылық ағымның жетекшілері қатарында  діни тұлға Исматулла Мақсұм да 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Сонымен қатар, Мәжілістің экс-депутаты Амангелді Айталы алдағы президент сайлауынан үміткер ретінде Тасмағамбетовке қатысуға ұсынған болатын.