Статистика бюросының алдын ала келтірген деректері бойынша, жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай кірістер 2022 жылғы тамызда 146 567 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы аймен салыстырғанда 11,9%-ға өсті. Сонымен қатар, осы кезеңдегі қазақстандықтардың нақты ақшалай табыстары 2,7%-ға төмендеген.
Тамыз айында жұмыссыздар саны 451,2 мың адамды құрады (4,9%). Жұмыспен қамту мекемелеріне 2022 жылдың тамыз айының соңында 252,7 мың адам (2,7%) тіркелді.
Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында азық-түлік тауарлары жылына 20,8%-ға, азық-түлік емес тауарлар 15,5%-ға, қызмет көрсету 10,1%-ға қымбаттады.