Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Үй қызметшісі ұрлаған 61 млн теңгесіне той жасап, пәтер алған

Өскеменде үй қызметшісі 130 мың АҚШ долларын ұрлаған деп хабарлады paryz.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Үй қызметшісі ұрлаған 61 млн теңгесіне той жасап, пәтер алған
фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Өскемен қаласы ПБ Сол жағалау ПБ-нің «102» жедел арнасына облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны жүгінген. Ол үйдің астыңғы қабатында орналасқан сейфтен шамамен 130 мың АҚШ доллары жоғалғанын, бұл шамамен 61 млн 100 мың теңгені құрайтынын хабарлаған.

Жәбірленушінің арызы бойынша полицейлер дереу қылмысты ашуға кіріскен. Қабылданған шаралардың нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің үй қызметшісі болып жұмыс істеген 21 жастағы қыз болып шықты.

Күдіктінің айтуынша, тамыз айының басында ол сейфтен алғаш рет 10 мың АҚШ долларын ұрлаған және осы ұрланған ақшаға шетелде демалып келген. Демалыстан оралғанда қыз үй иелері ақшаның жоғалғанын байқамағанын түсінген, әрі қарай ештеңе болмағандай сол үйде жұмысын жалғастырған.

Бір айдың ішінде үй қызметкері сейфтен 130 мың АҚШ долларын алып шыққан. Бұл ақшаға ол үйлену тойын жасаған, пәтер және көлік сатып алған.

Қазір 21 жастағы қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі («Ірі көлемде жасалған ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.