Алматыда тағы бір жезөкшелер үйі анықталды, – деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Polisia.Kz сайтына сілтеме жасап.
"Stop-трафик” жедел-профилактикалық шара барысында полиция қызметкерлері Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан боди-массаж салонын анықтады. Үш қабатты коттеджде 15 бөлме мен сауна бар. Мекемедегі жұмыс барысын екі әкімші бақылап отырған.
"Әкімшілер мен салонда массажист болып жұмыс істейтін тағы 20 қыз ұсталды. Олардың жасы 20-28 жас аралығында. Бұл мекеменің “қызметкерлері” Қазақстанның басқа аймақтарынан келген қонақтар. Олардың жеке басы және басқа да бір құқықбұзушылыққа қатысы бар-жоғы тексерілуде. Медеу аудандық Полиция басқармасы ҚР ӘҚбК-нің 450-бабына сәйкес әкімшілік іс материалдарын жинақтады. Көрсетілген салонның иесі де анықталды. Ол 34 жастағы Ж. есімді азамат болып шықты. Ол да жауапқа тартылды, – деді Алматы қалалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.